Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.

iPhone құрылғысындағы «Алдын ала қарау» қолданбасында PDF файлдары мен суреттерді бөлісу

  1. iPhone құрылғыңызда «Алдын ала қарау» қолданбасына  өтіңіз.

  2. PDF файлын немесе суретті ашыңыз.

  3. Бөлісу түймесін түртіңіз, одан кейін файл бойынша бірлесіп жұмыс істеу, оның көшірмесін жіберу қажеттігін немесе оны аралық сақтағышқа көшіруді таңдаңыз. Файлды аралық сақтағышқае көшіргенде, оны басқа қолданбаға қоюыңызға болады.

  4. «Бірлесіп жұмыс істеу» опциясын таңдасаңыз, «Шақырылған пайдаланушылар ғана өңдей алады» параметрінің жанындағы Көшіріп қайта жіберу түймесін түртіңіз, одан кейін мына әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Тек шақырылғандарға мазмұндарды қарауға және өңдеуге рұқсат ету: «Тек шақырылғандар» түймесін, одан кейін «Өзгерістер енгізуге болады» түймесін түртіңіз.

      Сіз файлды бөліскен адамдар оны көріп, өңдеу үшін басқаларды шақырмасын десеңіз, «Басқаларға шақыру жіберуге рұқсат ету» параметрін өшіріп қойыңыз.

    • Тек шақырылғандарға мазмұндарды қарауға рұқсат ету: «Тек шақырылғандар» түймесін, одан кейін «Тек көру» түймесін түртіңіз.

    • Сілтемесі бар барлық адамдарға мазмұндарды қарауға және өңдеуге рұқсат ету: «Сілтемесі бар кез келген пайдаланушы» түймесін, одан кейін «Өзгерістер енгізуге болады» түймесін түртіңіз.

    • Сілтемесі бар барлық адамдарға мазмұндарды қарауға рұқсат ету: «Сілтемесі бар кез келген пайдаланушы» түймесін, одан кейін «Тек көру» түймесін түртіңіз.

  5. Дайын түймесін түртіңіз.

  6. «Пошта» немесе «Хабарлар» сияқты бөлісу әдісін таңдаңыз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.