Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғысында кеңейтілген камера реттеулерін өзгерту

Фотоларды жылдамырақ түсіруіңізге, фотоларыңызға жеке және жақсартылған көрініс қолдануыңызға және камера кадрынан тыс мазмұнды қарауыңызға мүмкіндік беретін кеңейтілген iPhone камерасының мүмкіндіктері туралы үйреніңіз.

Негізгі камераның әдепкі ажыратымдылығын өзгерту

Қолдау көрсетілген үлгілерде Негізгі камераның немесе Fusion камераларының ажыратымдылығын 24 Мпикс мәнінен 12 Мпикс мәніне өзгертуге болады.

«Реттеулер»  > «Камера» > «Форматтар» > «Фото режимі» тармағына өтіңіз, одан кейін «12 Мпикс» немесе «24 Мпикс» реттеуін таңдаңыз.

48 Мпикс ажыратымдылығында түсіру үшін «Реттеулер»  > «Камера» > «Форматтар» тармағына өтіңіз, одан кейін «Ажыратымдылықты басқару» немесе «ProRAW және ажыратымдылықты басқару» реттеуін қосыңыз (үлгіңізге байланысты).

«ProRAW және ажыратымдылықты басқару» параметрін қосқаннан кейін, әдепкі қысу форматын таңдауыңызға болады. «Камера» қолданбасын ашыңыз, одан кейін пайдалланғыңыз келетін форматты қосу және өшіру үшін экранның жоғарғы жағындағы басқару элементін түртіңіз.

Негізгі және Fusion камерасын бейімдеу туралы мәліметті iPhone құрылғысында негізгі камера объективін бейімдеу бөлімінен қараңыз.

«Кадрдан тыс көрсету» параметрін өшіру және қосу

Қолдау көрсетілетін үлгілерде камераның алдын ала қарау функциясы кеңірек қарау өрісі бар камера жүйесінде басқа линзаларды пайдалану арқылы түсіруге болатын нәрсені көрсету үшін кадрдан тыс мазмұнды көрсетеді. «Кадрдан тыс» параметрі әдепкі бойынша қосулы болады.

«Кадрдан тыс көрсету» реттеуін өшіру үшін «Реттеулер»  > «Камера» тармағына өтіп, «Кадрдан тыс көрсету» реттеуін өшіріңіз.

«Камера ысырмасының жылдамырақ іске қосылуы» параметрін өшіру және қосу

«Камера ысырмасының жылдамырақ іске қосылуы» реттеуі суреттердің өңделу жолын өзгертеді — ысырма түймесін жылдам түрткен кезіңізде, көбірек фотолар түсіруіңізге мүмкіндік береді. «Камера ысырмасының жылдамырақ іске қосылуы» әдепкі бойынша қосулы болады.

«Камера ысырмасының жылдамырақ іске қосылуы» реттеуін өшіру үшін «Реттеулер»  > «Камера» тармағына өтіп, «Камера ысырмасының жылдамырақ іске қосылуы» реттеуін өшіріңіз.

«Объективті түзету» мүмкіндігін өшіру және қосу

Қолдау көрсетілетін үлгілерде «Объективті түзету» реттеуі алдыңғы камерамен немесе табиғи көрінетін нәтижелер үшін Ультра кең бұрышты камерамен түсірілген фотоларды реттейді. «Объективті түзету» параметрі әдепкі бойынша қосулы болады.

«Объективті түзету» мүмкіндігін өшіру үшін «Реттеулер»  > «Камера» тармағына өтіп, «Объективті түзету» реттеуін өшіріңіз.

«Көріністі анықтау» параметрін өшіру және қосу

iPhone 12 үлгілерінде «Көріністі анықтау» реттеуі ненің фотосын түсіріп жатқаныңызды анықтай алады және көрініске ең үздік сапа беру үшін жеке көріністі қолданады. «Көріністі анықтау» мүмкіндігі әдепкі бойынша қосулы болады.

«Көріністі анықтау» мүмкіндігін өшіру үшін «Реттеулер»  > «Камера» тармағына өтіп, «Көріністі анықтау» реттеуін өшіріңіз.

«Хабарлар» қолданбасында түсірілген фотоларды сақтауды тоқтату

«Хабарлар» қолданбасында түсірген фотоларыңыз «Фотолар» қолданбасындағы медиатекаңызға автоматты түрде сақталады.

Бұл мүмкіндікті өшіру үшін «Реттеулер»  > «Камера» тармағына өтіңіз, одан кейін «Түсірілімдерді фотолар жинағына сақтау» реттеуін өшіріңіз.

Объективті тазалау туралы кеңестерді өшіріп қою

Қолдау көрсетілген үлгілерде iPhone объективіңіздің кірлегенін анықтап, сурет мейлінше таза болып шығуы үшін оны тазалауды ұсынады.

Объективті тазалау туралы кеңестерді өшіріп қою үшін «Реттеулер»  > «Камера» тармағына өтіп, «Линзаны тазалау бойынша кеңестер» реттеуін өшіріңіз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.