Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғысында қоңырау шалу

iPhone құрылғыңызда телефон қоңырауын шалуыңызға болатын бірнеше жолдар бар: қоңырауды бастау үшін нөмірді пернетақтада теріңіз, таңдаулыны немесе соңғы қоңырауды түртіңіз немесе нөмірді контактілер тізіміңізден таңдаңыз.

«Біріңғай» көріністегі «Телефон» қолданбасындағы «Қоңыраулар» қойындысы. Таңдаулы контактілер жоғарғы жақта пайда болады. Таңдаулылар астында соңғы қоңыраулар мен дауыстық хабарлар тізімі берілген. «Қоңыраулар», «Контактілер» және «Пернетақта» қойындыларын көру түймелері төменгі жақта пайда болады. «Іздеу» түймесі төменгі оң жақ бұрышта.

Нөмірді теру

Siri: Siri көмекшісінен қоңырау шалуды немесе нөмірді теруді сұраңыз. Әрбір санды бөлек айтыңыз—мысалы, «four one five, five five five….» АҚШ-тағы 800 аймақ коды үшін «eight hundred» десеңіз болады. Siri көмекшісін пайдалану жолын үйреніңіз.

Не болмаса, Siri көмекшісін пайдаланбастан:

  1. iPhone құрылғыңызда «Телефон» қолданбасына өтіңіз.

  2. Экранның төменгі жағындағы «Пернетақта» түймесін түртіңіз, одан кейін келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:

    • Басқа нөмірді пайдалану: Қос SIM технологиясы бар үлгілерде жоғарыдағы нөмірді түртіңіз, одан кейін нөмірді таңдаңыз.

    • Санды пернетақтаны пайдаланып енгізіңіз: Қате жасасаңыз, Жою түймесін түртіңіз.

    • Соңғы нөмірді қайта теру: Соңғы терген нөміріңізді көру үшін Қоңырау шалу түймесін түртіңіз, одан кейін сол нөмірге қоңырау шалу үшін Қоңырау шалу түймесін түртіңіз.

    • Көшірген саныңызды қою: Пернетақтаның жоғарғы жағындағы телефон нөмірі өрісін түртіңіз, одан кейін «Қою» түймесін түртіңіз.

    • Қысқа (2 секундтық) кідіріс: Жұлдызша (*) пернесін үтір пайда болғанша басып тұрыңыз.

    • Ұзақ кідірісті енгізу (теруді «Нөмірді теру» түймесі түртілгенше кідірту үшін): Тор (#) пернесін үтірлі нүкте пайда болғанша басып тұрыңыз.

    • Халықаралық қоңыраулар үшін «+» белгісін енгізіңіз: «0» пернесін «+» белгісі пайда болғанша басып тұрыңыз.

  3. Қоңырауды бастау үшін Қоңырау шалу түймесін түртіңіз.

Қоңырауды аяқтау үшін Қоңырауды аяқтау түймесін түртіңіз.

Контактілерді «Таңдаулылар» тізіміңізге қосу немесе жою

  1. iPhone құрылғыңызда «Телефон» қолданбасына өтіңіз.

  2. Пайдаланып отырған «Телефон» қолданбасының орналасуына байланысты келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Біріңғай орналасу: Экранның төменгі жағындағы «Қоңыраулар» түймесін түртіңіз, «Өңдеу» түймесін түртіңіз, одан кейін «Таңдаулыны қосу» түймесін түртіңіз. Таңдаулы қосып қойған болсаңыз, «Өңдеу» түймесін түртіңіз, «Таңдаулыларды өңдеу» түймесін түртіңіз, одан кейін Қосу түймесін түртіңіз.

    • Классикалық орналасу: Экранның төменгі жағындағы «Таңдаулылар» түймесін түртіңіз, одан кейін Қосу түймесін түртіңіз.

  3. Контактіні түртіңіз, байланыстың әдепкі әдісін (мысалы, хабар, қоңырау немесе видео) және қалаған нөмірді таңдаңыз, оддан кейін Дайын түймесін түртіңіз.

  4. Контактіні «Таңдаулылар» тізіміңізден жою үшін келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Біріңғай орналасу: Экранның төменгі жағындағы «Қоңыраулар» түймесін түртіңіз, «Өңдеу» түймесін түртіңіз, «Таңдаулыларды өңдеу» түймесін түртіңіз, жойғыңыз келетін контактінің жоғарғы сол жақ бұрышындағы Жою түймесін түртіңіз, одан кейін Дайын түймесін түртіңіз.

    • Классикалық орналасу: Экранның төменгі жағындағы «Таңдаулылар» түймесін түртіңіз, одан кейін олардың атын толығымен солға сырғытыңыз.

«Таңдаулылар» тізіміндегі біреуге хабарласу үшін олардың атын түртіңіз.

Соңғы қоңырауды қайта теру немесе оған оралу

  1. iPhone құрылғыңызда «Телефон» қолданбасына өтіңіз.

  2. Пайдаланып отырған «Телефон» қолданбасының орналасуына байланысты келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Біріңғай орналасу: Экранның төменгі жағындағы «Қоңыраулар» түймесін түртіңіз, қоңырау шалғыңыз келетін атты немесе нөмірді түртіңіз, Қоңырау түймесін түртіңіз, одан кейін қоңырау шалғыңыз келетін нөмірді түртіңіз.

      Ескертпе: «Соңғылар» тізіміндегі атты немесе нөмірді түрткен бойдан қоңырауды бастау үшін «Реттеулер» > «Қолданбалар» > «Телефон» тармағына өтіңіз, одан кейін «Қоңырау шалу үшін “Соңғылар” тізімін түрту» реттеуін қосыңыз.

    • Классикалық орналасу: Экранның төменгі жағындағы «Соңғылар» түймесін түртіңіз, одан кейін қоңырау шалғыңыз келетін атты немесе нөмірді түртіңіз.

  3. Қоңырау мен қоңырау шалушы туралы қосымша ақпарат алу үшін келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Біріңғай орналасу: «Соңғылар» тізіміндегі атты немесе нөмірді түртіңіз.

    • Классикалық орналасу: «Соңғылар» тізіміндегі аттың немесе телефон нөмірінің жанындағы Ақпарат түймесін түртіңіз.

«Контактілер» тізіміңіздегі біреуге қоңырау шалу

Siri: Siri көмекшісіне келесі сияқты бірнәрсе айтыңыз: «Call Eliza’s mobile». Siri көмекшісін пайдалану жолын үйреніңіз.

Не болмаса, Siri көмекшісін пайдаланбастан:

  1. iPhone құрылғыңызда «Телефон» қолданбасына өтіңіз.

  2. Экранның төменгі жағындағы «Контактілер» түймесін түртіңіз, одан кейін қоңырау шалғыңыз келетін контактіні түртіңіз.

  3. Қоңырау түртіңіз, одан кейін қоңырау шалғыңыз келетін телефон нөмірін түртіңіз.

    Қос SIM технологиясы бар үлгілерде осы контактіге қалаған нөмірді орнатпайынша әдепкі дауыстық нөмір қоңырау үшін пайдаланылады.

ЕСКЕРТУ: Қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін ретсіздіктерді болдырмау туралы маңызды ақпаратты iPhone құрылғысының маңызды қауіпсіздік ақпараты бөлімінен қараңыз.

*Apple Intelligence бета нұсқада келесі тілдерді қолдаумен қолжетімді: Ағылшын, дат, голланд, француз, неміс, итальян, норвег, португал, испан, швед, түрік, қытай (жеңілдетілген), қытай (дәстүрлі), жапон, корей және вьетнам. Кейбір мүмкіндіктер барлық тілдерде немесе аймақтарда қолжетімді бола бермейді. Тіл мен мүмкіндік қолжетімділігі және жүйе талаптары туралы қосымша ақпарат алу үшін Apple Intelligence функциясын алу жолы атты Apple қолдау көрсету қызметінің мақаласын қараңыз.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.