Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғысында офлайн карталарды жүктеп алу

Аймақ картасын сақтап, оны iPhone офлайн кезде пайдалануыңызға болады.

Wi-Fi немесе ұялы байланыс қызметіне қол жеткізе алмаған кезіңізде де орындар карталарындағы сағаттар мен рейтингтер сияқты ақпаратты қарай аласыз, көлік жүргізу, жаяу жүру, велосипедпен жүру немесе қоғамдық көлікпен жүру үшін қадамдық бағыттар алуыңызға және болжамды келу уақытыңызды көруіңізге болады.

Ескертпе: Офлайн карталар барлық елдерде немесе аймақтарда қолжетімді бола бермейді. «Автоматты жаңартулар» параметрі әдепкі бойынша қосулы болады.

Ұлттық саябақтың картасы. Саябақ тұтқалары бар тіктөртбұрышпен қоршалған, оны жүктеп алу мақсатында картаның өлшемін өзгерту үшін жылжытуға болады. Таңдалған картаның жүктеп алу өлшемі картаның төменгі жағында көрсетілген. «Бас тарту» және «Жүктеп алу» түймелері экранның төменгі жағында орналасқан.

Карталарды жүктеп алу

  1. iPhone құрылғыңызда «Карталар» қолданбасына өтіңіз.

  2. Келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Түйреуіш маркер пайда болғанша картаны басып тұрыңыз, одан кейін «Жүктеп алу» түймесін түртіңіз.

    • Іздеу өрісінің жанындағы суретіңізді немесе инициалдарыңызды түртіңіз, «Офлайн карталар» түймесін түртіңіз, Қосу түймесін түртіңіз, одан кейін іздеу өрісіне геолокацияны енгізіңіз немесе «Ағымдағы геолокация» түймесін түртіңіз.

  3. Таңдалған аймақты реттеңіз, одан кейін «Жүктеп алу» түймесін түртіңіз.

    Жүктеп алатын картаның өлшемін азайту үшін кішірек аймақты таңдаңыз.

Реттеулеріңізді өзгертпесеңіз, жүктеп алынған карталар автоматты түрде жаңартылады.

Кеңес: iPhone құрылғыңызды Apple Watch құрылғыңызбен синхрондауыңызға және жүктеп алынған карталарды өзіңізбен алып жүруіңізге болады—iPhone құрылғыңыз жақын болмаса да. Apple Watch құрылғысының пайдаланушы нұсқаулығындағы Apple Watch құрылғысындағы офлан карталарды пайдалану бөлімін қараңыз.

Жүктеп алған картаңызды ашу немесе өңдеу

Офлайн кезде пайдалану үшін жүктеп алған барлық карталарыңыз офлайн карталар тізіміңізде пайда болады.

  1. iPhone құрылғыңызда «Карталар» қолданбасына өтіңіз.

  2. Іздеу өрісінің жанындағы суретіңізді немесе инициалдарыңызды түртіңіз, одан кейін «Офлайн карталар» түймесін түртіңіз.

  3. Картаны таңдаңыз, одан кейін келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:

    • Карта атауын өзгерту: «Атауын өзгерту» түймесін түртіңіз, жаңа атауды енгізіңіз, одан кейін «Сақтау» түймесін түртіңіз.

    • Карта қамтитын аймақты өзгерту: Карта суретінде «Өлшемін өзгерту» түймесін түртіңіз, таңдалған аймақты реттеңіз, одан кейін «Жүктеп алу» түймесін түртіңіз.

    • Картаны жою: «Картаны жою» түймесін түртіңіз.

Карта деректерінің жүктеп алуларын басқару

Деректерді сақтау қажеттіліктеріңіз бен теңшелімдеріңізге байланысты картаны жүктеп алу немесе жаңарту уақыты сияқты реттеулерді өзгертуіңізге болады.

  1. iPhone құрылғыңызда «Карталар» қолданбасына өтіңіз.

  2. Іздеу өрісінің жанындағы суретіңізді немесе инициалдарыңызды түртіңіз, одан кейін «Офлайн карталар» түймесін түртіңіз.

  3. Мына әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:

    • Ұялы желі арқылы жүктеп алу: «Тек Wi-Fi» түймесін түртіңіз, одан кейін «Wi-Fi + ұялы байланыс» параметрін таңдау үшін түртіңіз.

    • Барлық карталарды автоматты жаңарту: «Автоматты жаңартулар» параметрін қосыңыз.

    • Пайдаланылмайтын карталарды автоматты түрде жою: «Сақтау орнын оңтайландыру» реттеуін қосыңыз.

    • Онлайн карталарды қолдану: «Тек офлайн карталарды пайдалану» реттеуін өшіріңіз.

Жүктеп алынған карталарды жою

iPhone құрылғыңызда сақтау орнын босату үшін жүктеп алынған карталарды жоюыңызға болады.

  1. iPhone құрылғыңызда «Карталар» қолданбасына өтіңіз.

  2. Іздеу өрісінің жанындағы суретіңізді немесе инициалдарыңызды түртіңіз, одан кейін «Офлайн карталар» түймесін түртіңіз.

  3. Келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Картаны қолмен жою: Картада солға сырғытыңыз, одан кейін «Жою» түймесін түртіңіз.

    • Пайдаланылмайтын карталарды автоматты түрде жою: «Сақтау орнын оңтайландыру» реттеуін қосыңыз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.