Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғысында «Прожектор» көмегімен іздеу

iPhone құрылғысында қолданбалар мен контактілерді, «Пошта» және «Хабарлар» сияқты қолданбалар ішіндегі мазмұнды және керек десеңіз, «Онлайн-мәтін» арқылы фотолардағы мәтінді іздей аласыз. Акция мен валюта ақпаратын қарауыңызға және веб-беттерді, қолданбалар мен суреттерді фотолар кітапханасында, жүйеде және Интернетте тауып, ашуыңызға болады.

Қолданбаны іздеген кезде, келесі әрекетіңіз үшін қолданба жылдам пәрмендері «Жоғарғы нәтиже» тізімінде пайда болады. (Мысалы, «Фотолар» қолданбасынан іздеу кезінде «Таңдаулылар» альбомына жылдам пәрмен пайда болады.)

«Реттеулер» > «Іздеу» тармағында іздеу нәтижелеріне қосқыңыз келетін қолданбаларды таңдай аласыз. «Іздеу» функциясы қолданбаларды пайдалануыңызға негізделген ұсыныстарды ұсынады және теріп жатқаныңызда нәтижелерді жаңартады.

Іздеу кезінде көрсету керек қолданбаларды таңдау

  1. «Реттеулер»  > «Іздеу» тармағына өтіңіз.

  2. Төмен жылжыңыз, қолданбаны түртіңіз, одан кейін «Іздеу кезінде қолданбаны көрсету» параметрін қосыңыз немесе өшіріңіз.

iPhone құрылғысымен іздеу

  1. Басты экранның (Face ID функциясы бар үлгілерде) төменгі жағындағы Іздеу түймесін түртіңіз немесе басты экранда немесе құлыптау экранында төмен сырғытыңыз.

  2. Іздеп жатқан нәрсеңізді іздеу өрісіне енгізіңіз.

  3. Мына әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:

    • Іздеуіңізді бастау: Іздеу түймесін түртіңіз.

    • Ұсынылған қолданбаны немесе веб-сайтты ашу: Қолданбаны немесе веб-сайтты түртіңіз.

    • Жылдам әрекетті орындау: Таймерді іске қосыңыз, Зейін қою қосыңыз, Shazam арқылы әннің атауын табыңыз, кез келген жылдам пәрменді іске қосыңыз және т.б. Қолданба үшін қолжетімді пәрмендерді көру үшін қолданбаның атауын іздеңіз немесе «Пәрмендер» қолданбасын пайдаланып өзіңіздікін жасаңыз.

    • Ұсынылған веб-сайтқа өту: Оны түртіңіз.

    • Іздеу ұсынысы туралы қосымша ақпарат алу: Оны түртіңіз, одан кейін ашу үшін нәтижелердің біреуін түртіңіз.

    • Жаңа іздеуді бастау: Іздеу өрісінде Мәтінді өшіру түймесін түртіңіз.

«Геолокацияға негізделген ұсыныстар» параметрін өшіру

  1. «Реттеулер»  > «Құпиялылық және қауіпсіздік» > «Геолокация сервистері» тармағына өтіңіз.

  2. «Жүйелік сервистер» түймесін түртіңіз, одан кейін «Ұсыныстар және іздеу» параметрін өшіріңіз.

Қолданбалардан іздеу

Көптеген қолданбалар іздеу өрісін немесе іздеу түймесін қамтиды, сонда қолданбадағы бірнәрсені таба аласыз. Мысалы, «Карталар» қолданбасында нақты геолокацияны іздеуіңізге болады.

  1. Қолданбада іздеу өрісін немесе Іздеу түймесін түртіңіз.

    Іздеу өрісін немесе түймесін көрмесеңіз, жоғарыдан төмен қарай сырғытыңыз.

  2. Іздеген нәрсеңізді теріңіз, одан кейін «Іздеу» түймесін түртіңіз.

Сөздік қосу

iPhone құрылғысында іздеулерде пайдалануға болатын сөздіктерді қоса аласыз.

  1. «Реттеулер»  > «Жалпы» > «Сөздік» тармағына өтіңіз.

  2. Сөздікті таңдаңыз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.