Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғысында Safari деректерін басқа браузерге экспорттау

Таңдалған деректерді Safari қолданбасынан экспорттай аласыз, одан кейін сол деректерді басқа браузерге импорттай аласыз.

Safari браузерінен экспорттауға болатын деректер мыналарды қамтиды:

  • Бетбелгілер

  • Тарих

  • Кеңейтімдер

  • Несие карталары

  • Құпиясөздер

ЕСКЕРТУ: Экспортталған деректеріңіз шифрланбаған және файлға қол жеткізе алатын кез келген адамға көрінеді. Деректерді басқа браузерге импорттағаннан кейін экспорттаған файлыңызды жойыңыз.

Safari браузерінен басқа браузерге экспорттауға болатын деректерді көрсетіп тұрған «Шолу деректерін экспорттау» экраны.
  1. iPhone құрылғыңызда «Реттеулер» қолданбасына  өтіңіз.

  2. «Қолданбалар» түймесін, одан кейін «Safari» түймесін түртіңіз.

  3. «Тарих және веб-сайт деректері» реттеулерінің төменінде «Экспорттау» түймесін түртіңіз.

  4. Экспорттау үшін деректерді таңдаңыз.

    Safari браузерінде шолу үшін профильдер жасаған болсаңыз, деректерді экспорттағыңыз келетін профильді таңдаңыз немесе «Барлық профиль» параметрін таңдаңыз.

    Әрбір профильдің өз тарихы мен кеңейтім деректері бар. Бетбелгілерге, несие карталарына және құпиясөздерге арналған деректер барлық профильдерде бірдей.

  5. «Жүктеп алынғандар тізіміне сақтау» түймесін түртіңіз.

  6. «Дайын» түймесін түртіңіз.

Экспортталған деректер «Жүктеп алынғандар» қалтаңызда .zip файлы ретінде сақталады.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.