Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.

iPhone құрылғысындағы Freeform тақтасына фотосуреттер мен бейнелер қосу

Freeform қолданбасында кез келген фотосуретті немесе бейнені тақтаға қосуыңызға немесе iPhone камераңызбен жаңасын түсіруіңізге болады.

Фотосуретті немесе бейнені қосу

  1. Тақта жасаңыз немесе ашыңыз, одан кейін Медиа­файлдар түймесін түртіңіз, одан кейін «Фотолар мен видеолар» түймесін түртіңіз (немесе фотосурет түсіру үшін «Камера» түймесін түртіңіз).

  2. Фотосуреттер кітапханаңыздан фотосуретті немесе бейнені таңдаңыз (немесе жаңа фотосуретті немесе бейнені түсіріңіз, одан кейін «Қосу» түймесін түртіңіз).

    Кеңес: Нысанды фотосуреттен көтеруіңізге, одан кейін оны тікелей тақтаңызға көшіріп, қоюыңызға болады.

Фотосуретті немесе бейнені пішімдеу

Бірнеше фотосуреттері бар Freeform тақтасы. Фотосуреттердің біреуі таңдалған және пішімдеу құралы көрініп тұр.

Тақтада фотосуретті немесе бейнені түртіңіз, одан кейін келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:

  • Фотосуретті кесу немесе бүркеу: Масканы кесу түймесін түртіңіз, жақтауды қатайту немесе ондағы кескінді үлкейту үшін басқару элементтерін пайдаланыңыз, одан кейін «Дайын» түймесін түртіңіз.

  • Фотосуреттің фонын жою: Фонды мөлдір ету үшін Кескінді өзгерту түймесін түртіңіз, одан кейін «Фонын жою» түймесін (iOS 16.4 немесе одан кейінгі) түртіңіз. Фотосуреттің фонын жою мүмкін болмаса, «Фонын жою» опциясы қолжетімді емес.

  • Фотосуретті немесе бейнені алдын ала қарау: Алдын ала қарау түймесін түртіңіз немесе фотосуретті немесе бейнені екі рет түртіңіз.

    Фильмді толық экранда алдын ала қарау үшін оны екі рет түртіңіз.

  • Көлеңке қосу, бұрыштарды дөңгелектеу, сипаттама қосу және т.б.: Толығырақ түймесін түртіңіз, одан кейін параметрді таңдаңыз.

  • Фотосуретті немесе бейнені ауыстыру: Фотосуретті немесе бейнені таңдаңыз, Кескінді өзгерту немесе Фильмді өзгерту түймесін түртіңіз, «Ауыстыру» түймесін түртіңіз, одан кейін ауыстыруды таңдаңыз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.