Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғысындағы «Пошта» қолданбасында электрондық пошта хабарларына жалауша қою

«Пошта» қолданбасында электрондық пошта хабарларына жалауша қоюыңызға, жалаушаланған пошта жәшіктерін жасауыңызға және VIP контактілерден электрондық пошта хабарларына жалауша қоюыңызға болады.

Электрондық пошта хабарына жалауша қосу

Электрондық пошта хабарын кейінірек табуды оңайлату үшін оған жалауша қосуыңызға болады. Жалауша қойған электрондық пошта хабарыңыз Inbox жәшігіңізде қалады, бірақ «Жалауша қойылған» пошта жәшігінде де пайда болады.

  1. Электрондық пошта хабарын ашыңыз, Жауап беру түймесін, одан кейін «Жалауша қою» түймесін түртіңіз.

  2. Жалауша түсін таңдау үшін түрлі түсті нүктені түртіңіз.

    Жалаушаны өзгерту немесе жою үшін электрондық пошта хабарын ашыңыз, Жауап беру әрекеттері түймесін түртіңіз, одан кейін басқа түсті таңдаңыз немесе Жалаушаны алу түймесін түртіңіз.

    Экранның төменгі жартысында жауап опцияларын көрсетіп тұрған электрондық пошта. Ол опциялардың төменіндегілер — «Есіме салу» түймесі, «Жалаушаны алу» түймесі және жалаушалар үшін түс таңдаулары.

Ескертпе: Электрондық пошта хабарына қосқан жалаушаларыңыз бірдей Apple ID идентификаторымен кірген барлық Apple құрылғыларыңыздағы «Пошта» қолданбасында сол электрондық пошта хабарында пайда болады.

«Жалауша қойылған» пошта жәшігін жасау

«Жалауша қойылған» пошта жәшігін қосуыңызға болады, сонда барлық жалауша қойылған электрондық пошта хабарларыңызға бір орыннан оңай қатынауға болады.

  1. Жоғарғы сол жақ бұрыштағы Артқа түймесін түртіңіз.

  2. «Өңдеу» түймесін түртіңіз, одан кейін «Жалауша қойылған» параметрін таңдаңыз.

Аса маңызды адамдарыңыздан алынған электрондық пошта хабарларына жалауша қосу

Маңызды адамдарды VIP тізіміңізге қосыңыз, сонда олардың электрондық пошта хабарлары VIP жалаушасымен және VIP пошта жәшігінде пайда болады.

  1. Электрондық пошта хабарын қарау кезінде электрондық пошта хабарындағы адамның атын немесе электрондық пошта мекенжайын түртіңіз.

  2. «VIP тізіміне қосу» түймесін түртіңіз.

Көрсетілген жіберушілерден электрондық поштаны блоктау

Жіберушіні блоктау үшін олардың электрондық пошта мекенжайын түртіңіз, одан кейін «Осы контактіні блоктау» параметрін таңдаңыз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.