Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

AirPods құлақаспаптарын iPhone құрылғысымен пайдалану

AirPods құлақаспаптарын iPhone құрылғысымен жұптағаннан кейін, AirPods құлақаспаптарын iPhone құрылғысында ойнатылып жатқан дыбысты тыңдау, қоңыраулар шалу және оларға жауап беру, хабарларды тыңдау және оларға жауап беру, қажет кезде еске салғыштарды есту, шулы ортада сөйлесулерді оңайырақ тыңдау және т.б. үшін пайдалануыңызға болады.

AirPods құлақаспаптарын iPhone құрылғыңызбен жұптау

  1. iPhone құрылғысында «Реттеулер»  > «Bluetooth» тармағына өтіңіз, одан кейін Bluetooth параметрін қосыңыз.

  2. iPhone құрылғыңызда «Басты бет» экранына өтіңіз.

  3. Келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • AirPods (1-ші, 2-ші және 3-ші буын) және AirPods Pro: AirPods ішінде тұрған қорапты ашыңыз, одан кейін оны iPhone құрылғыңыздың жанында ұстаңыз.

    • AirPods Max: AirPods Max құлақаспабыңызды Smart Case қорабынан шығарыңыз, одан кейін AirPods Max құлақаспабын iPhone құрылғыңызға жақын ұстаңыз.

  4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз, одан кейін «Дайын» түймесін түртіңіз.

    Ескертпе: AirPods Max құлақаспаптарыңызды жұптау үшін экрандағы нұсқаулар пайда болмаса, «Реттеулер» > «Bluetooth» тармағына өтіңіз, одан кейін AirPods Max құлақаспабыңызды таңдаңыз. AirPods Max құлақаспабында күй шамы ақ түсті болып жанбаса, шуды басқару түймесін ол жанғанша басып тұрыңыз.

AirPods құлақаспаптарыңыз бірдей Apple ID идентификаторымен кірген қолдау көрсетілген құрылғыларыңыздың барлығымен автоматты түрде жұпталады (iOS 10, iPadOS 13 және macOS 10.12, watchOS 3 немесе одан кейінгі жүйе керек).

Ескертпе: AirPods құлақаспаптарыңызды жұптай алмасаңыз, AirPods құлақаспаптарыңыз қосылмаса атты Apple қолдау көрсету сервисінің мақаласын қараңыз.

AirPods құлақаспаптарыңызбен және iPhone құрылғыңызбен көбірек әрекеттер орындау

AirPods құлақаспаптарыңызды барынша пайдалану жолы туралы толық нұсқауларды AirPods пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.