Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғысынан Интернет қосылымыңызды бөлісу

iPhone құрылғыңыздан басқа құрылғыларға ұялы желі Интернет қосылымын бөлісу үшін «Жеке кіру нүктесі» функциясын пайдалануыңызға болады. «Жеке кіру нүктесі» басқа құрылғыларда Wi-Fi желісінен Интернет қатынасы болмаған кезде пайдалы.

Ескертпе: «Жеке кіру нүктесі» барлық байланыс операторларымен қолжетімді бола бермейді. Қосымша ақылар алынуы мүмкін. Бір уақытта «Жеке кіру нүктесі» желіңізге қосыла алатын құрылғылардың саны байланыс операторыңызға және iPhone үлгіңізге байланысты болады. Қосымша ақпарат алу үшін байланыс операторыңызға хабарласыңыз.

iPhone құрылғысында «Жеке кіру нүктесі» функциясын орнату

«Реттеулер»  > «Ұялы байланыс» тармағына өтіңіз, «Жеке кіру нүктесін баптау» тармағына өтіңіз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

Ескертпе: «Жеке кіру нүктесін баптау» параметрін опция ретінде көрмесеңіз және «Ұялы деректер» параметрі «Реттеулер» > «Ұялы байланыс» тармағында қосылған болса, Жеке кіру нүктесі желісін жоспарыңызға қосу туралы байланыс операторыңызға хабарласыңыз.

Келесі параметрлерді өзгертуіңізге болады:

  • «Жеке кіру нүктесі» үшін Wi-Fi құпия сөзін өзгерту: «Реттеулер» > «Жеке кіру нүктесі» > «Wi-Fi құпиясөзі» тармағына өтіңіз.

  • «Жеке кіру нүктесі» параметрін өшіру және құрылғыларды ажырату: «Реттеулер» > «Жеке кіру нүктесі» тармағына өтіңіз, одан кейін «Басқаларға қосылу рұқсатын беру» параметрін өшіріңіз.

iPhone құрылғыңызды екі SIM картасын пайдаланатын етіп орнатсаңыз, «Жеке кіру нүктесі» функциясы ұялы желі деректері үшін таңдаған желіңізді пайдаланады. (Қос SIM картаны баптау бөлімін қараңыз.)

Mac компьютерін немесе компьютерді «Жеке кіру нүктесі» желіңізге қосу

Mac компьютерін немесе компьютерді «Жеке кіру нүктесі» желіңізге қосу үшін Wi-Fi желісін, USB кабелін немесе Bluetooth функциясын қолдануыңызға болады. Келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

  • Mac компьютерінен қосылу үшін Wi-Fi желісін пайдалану: Mac компьютерінде мәзір жолағында Wi-Fi күй мәзірін басыңыз, одан кейін қолжетімді желілердің тізімінен iPhone құрылғыңызды таңдаңыз.

    Құпия сөз сұралса, iPhone құрылғыңыздағы «Реттеулер» > «Жеке кіру нүктесі» тармағында көрсетілген құпия сөзді енгізіңіз.

    Мәзір жолағындағы Wi-Fi күй белгішесі «Жеке кіру нүктесі» белгішесіне Mac компьютеріңіз «Жеке кіру нүктесі» желіңізге қосулы кезде өзгереді.

    Ескертпе: Mac компьютеріңіз бен iPhone құрылғыңызда бірдей Apple ID идентификаторымен кірген кезіңізде, iPhone құрылғыңызда Bluetooth және Wi-Fi желісін қосқанда және Mac компьютеріңізде Bluetooth және Wi-Fi желісін қосқанда құрылғыларыңызды «Жеке кіру нүктесі» желісіне құпия сөзді енгізбестен қоса аласыз.

  • Компьютерден қосылу үшін Wi-Fi желісін пайдалану: Компьютеріңіздегі Wi-Fi параметрлерінде iPhone құрылғыңызды таңдаңыз, одан кейін iPhone құрылғыңыздағы «Реттеулер» > «Жеке кіру нүктесі» терезесінде көрсетілген құпия сөзді енгізіңіз.

  • USB портын пайдалану: iPhone құрылғысы мен компьютеріңізді кабельмен қосыңыз. «Осы компьютерді сенімді деп белгілеу қажет пе?» дейтін ескертуді алсаңыз, «Сенімді деп белгілеу» түймесін түртіңіз. Компьютеріңіздің желі теңшелімдерінде iPhone тармағын таңдаңыз, одан кейін желі параметрлерін теңшеңіз.

  • Bluetooth функциясын пайдалану: iPhone құрылғыңыздың табылатынын тексеру үшін «Реттеулер»  > «Bluetooth» тармағына өтіңіз және көрсетілген экраннан шығыңыз. Mac компьютерінде Mac және iPad құрылғыларын қосу үшін Bluetooth функциясын пайдаланыңыз. iPhone құрылғыңызда Mac компьютеріңіздің атын түртіңіз, одан кейін Mac компьютеріңізде экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

    Компьютерде Bluetooth желі қосылымын орнату үшін өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.

iPad, iPod touch құрылғысын немесе басқа iPhone құрылғысын «Жеке кіру нүктесі» желіңізге қосу

Басқа құрылғыда «Реттеулер»  > «Wi-Fi» тармағына өтіңіз, одан кейін қолжетімді желілер тізімінен iPhone құрылғыңызды таңдаңыз.

Басқа құрылғыда құпия сөз сұралса, iPhone құрылғыңыздағы «Реттеулер» > «Жеке кіру нүктесі» тармағында көрсетілген құпия сөзді енгізіңіз.

Ескертпе: Әрбір құрылғыда бірдей Apple ID идентификаторымен кірген кезіңізде және екі құрылғыда да Bluetooth және Wi-Fi функцияларын қосқан кезде, құрылғыларыңызды құпия сөзді енгізбестен қоса аласыз.

Құрылғы қосылғанда, iPhone экранының жоғарғы жағында көк жолақ пайда болады. «Жеке кіру нүктесі» белгішесі қосылған құрылғының күй жолағында пайда болады.

«Отбасылық қол жеткізу» мүмкіндігімен «Жеке кіру нүктесі» орныңызды жанұяңыздың кез келген мүшесімен автоматты түрде немесе олар растауды сұрағаннан кейін бөлісуіңізге болады. iPhone құрылғысында «Отбасылық қол жеткізу» мүмкіндігін орнату бөлімін қараңыз.

«Жеке кіру нүктесі» желісін iPhone құрылғыңыздан бөліскен кезіңізде, ол Интернет қосылымы үшін ұялы желі деректерін пайдаланады. Ұялы желі деректеріңіздің желі қолданысын бақылау үшін «Реттеулер» > «Ұялы байланыс» тармағына өтіңіз. iPhone құрылғысындағы ұялы деректер параметрлерін қарау немесе өзгерту бөлімін қараңыз.

«Жеке кіру нүктесі» желісін пайдалануда көбірек көмек керек болса, «Жеке кіру нүктесі» желісі жұмыс істемей тұрған жағдайда атты Apple қолдау көрсету сервисінің мақаласын қараңыз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.