Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғысында Siri көмекшісімен қоңырауларды, хабарларды және т.б. хабарлау

Siri қолдау көрсетілген құлақаспаптарда «Хабарлар» сияқты қолданбалардан және CarPlay жүйесін пайдалану кезінде қоңыраулар мен хабарландыруларды хабарлай алады. «Сәлем, Siri» деп айтпастан дауысыңызды пайдаланып жауап беруіңізге болады.

«Қоңырауларды жариялау» және «Хабарландыруларды жариялау» параметрлері қолдау көрсетілген үшінші тарап қолданбаларымен де жұмыс істейді.

Siri көмекшісіне қоңырауларды хабарлату

«Қоңырауларды жариялау» көмегімен Siri кіріс телефон қоңыраулары мен FaceTime қоңырауларын анықтайды, оларды дауысыңызбен қабылдауыңызға немесе қабылдамауыңызға болады.

  1. «Реттеулер» > «Siri және іздеу» > «Қоңырауларды жариялау» тармағына өтіңіз, одан кейін параметрді таңдаңыз.

  2. Қоңырау келгенде, Siri қоңырау шалушыны анықтайды және сізден қоңырауға жауап бергіңіз келетін не келмейтінін сұрайды. Қоңырауды қабылдау үшін «yes» деңіз, ал қабылдамау үшін «no» деңіз.

Siri көмекшісіне хабарландыруларды хабарлату

Siri көмекшісі «Хабарлар» және «Еске салғыштар» сияқты қолданбалардан кіресін хабарландыруларды автоматты түрде хабарлайды. Siri шұғыл хабарландыруларды пайдаланатын қолданбалар үшін қолданба хабарландыруларын автоматты түрде қосады, бірақ параметрлерді кез келген уақытта өзгертуіңізге болады. Шұғыл хабарландырулар туралы қосымша мәліметтерді iPhone құрылғысында «Зейін қою» мүмкіндігін орнату бөлімінен қараңыз.

  1. «Реттеулер» > «Siri және іздеу» > «Хабарландыруларды жариялау» тармағына өтіңіз, одан кейін «Хабарландыруларды жариялау» параметрін қосыңыз.

  2. Siri көмекшісінің хабарландыруларын хабарлауы керек қолданбаны түртіңіз, одан кейін «Хабарландыруларды жариялау» параметрін қосыңыз.

    Кейбір қолданбалар үшін барлық хабарландыруларды немесе тек шұғыл хабарландыруларды хабарлату керектігін де таңдай аласыз.

«Хабарлар» сияқты жауап жібере алатын қолданбалар үшін Siri айтқан нәрсеңізді қайталайды, одан кейін жауабыңызды жіберместен бұрын растауыңызды өтінеді. Жауаптарды растау күтпестен жіберу үшін «Растаусыз жауап беру» параметрін қосыңыз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.