Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPad құрылғысында фотосуреттер мен бейнелерді көшірмелеу және көшіру

iPad құрылғыңыздағы «Фотолар» қолданбасында түпнұсқаны көрсету кезінде фотосуретті немесе бейнені көшірмелеуіңізге болады. Сондай-ақ фотосуретті көшіріп, оны электрондық пошта, мәтіндік хабар немесе көрсетілім сияқты басқа құжатқа қоюыңызға болады.

Фотосуретті немесе бейнені көшірмелеу

  1. Фотосуреті немесе бейнені ашыңыз, одан кейін Қосымша опциялар түймесін түртіңіз.

  2. «Көшірме жасау» түймесін түртіңіз.

    Көшірме медиатекаңыздағы түпнұсқаның жанында пайда болады.

Бірнеше фотосуретті немесе бейнені көшірмелеу

  1. «Медиатека» түймесін түртіңіз, одан кейін «Барлық фото» немесе «Күндер» түймесін түртіңіз.

  2. «Таңдау» параметрін түртіңіз, одан кейін көшірмелегіңіз келетін нобайларды түртіңіз.

  3. Қосымша опциялар түймесін, одан кейін «Көшірме жасау» түймесін түртіңіз.

Фотосуретті көшіру

  1. Фотосуретті ашыңыз, одан кейін Қосымша опциялар түймесін түртіңіз.

  2. «Көшіру» түймесін түртіңіз, одан кейін фотосуретті басқа құжатқа қойыңыз.

Бірнеше фотосуретті немесе бейнені көшіру

  1. «Медиатека» түймесін түртіңіз, одан кейін «Барлық фото» немесе «Күндер» түймесін түртіңіз.

  2. «Таңдау» параметрін түртіңіз, одан кейін көшіргіңіз келетін нобайларды түртіңіз.

  3. Қосымша опциялар түймесін, одан кейін «Көшіру» түймесін түртіңіз.

  4. Көшірмелерді басқа құжатқа қойыңыз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.