Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPad құрылғысындағы «Локатор» қолданбасында достың орны өзгерген кезде хабарландыру алу

«Локатор» қолданбасын досыңыздың орны өзгерген кезде хабарландыру алу үшін пайдаланыңыз. Досыңыз орынға келгенде, орыннан кеткенде немесе орында емес кезде хабарландыру ала аласыз.

Маңызды: Досыңыздың орны өзгерген кезде хабарландыру алу үшін міндетті түрде «Локатор» қолданбасының хабарландыруларына рұқсат етіңіз. iPad хабарландыру параметрлерін өзгерту бөлімін қараңыз.

Сондай-ақ, достарыңызға орныңыз өзгерген кезді білдірте аласыз. iPad құрылғысындағы «Локатор» қолданбасында орныңыз өзгерген кезде досқа хабарлау бөлімін қараңыз.

Досыңыз орынға келгенде немесе ол жерден кеткенде хабарландыру алу

  1. Экранның төменгі сол жағындағы «Адамдар» түймесін түртіңіз, одан кейін хабарландыруын алғыңыз келетін адамның атын түртіңіз.

  2. «Хабарландырулар» тізімінің төменінде «Қосу» түймесін, одан кейін «Маған хабарлау» түймесін түртіңіз.

  3. Досыңыз орынға келгенде немесе ол жерден шыққанда хабарландыру алу керектігін таңдаңыз.

  4. Орынды таңдаңыз немесе жаңа орын жасау және орын радиусын орнату үшін «Жаңа геолокация» түймесін түртіңіз.

    Үлкенірек радиуста сіз досыңыз дәл орында болғанның орнына, орынға жақындаған кезінде хабарландыру аласыз.

  5. Тек бір рет немесе барлық уақытта хабарландырылуыңыз керек не керек еместігін таңдаңыз.

  6. «Қосу» түймесін, одан кейін OK түймесін түртіңіз.

    Сіз хабарландыруды орнатқаннан кейін, досыңыз ескерту алады.

    Қайталанатын хабарландыруды орнатсаңыз, досыңыз ол орнатылмастан бұрын оны мақұлдауы тиіс. Олар сіз бірінші рет таңдаған орынға келгенде немесе ол жерден шыққанда мақұлдауды сұрайтын ескерту алады.

Досыңыз орында емес кезде хабарландыру алу

Досыңыз немесе жанұяңыздың мүшесі орнатылған кесте кезінде нақты орында болмаған жағдайда хабарландыру ала аласыз. Мысалы, сабақ уақыттарында балаңыз мектепте болмаған жағдайда хабарландыру ала аласыз.

  1. Экранның төменгі сол жағындағы «Адамдар» түймесін түртіңіз, одан кейін хабарландыруын алғыңыз келетін адамның атын түртіңіз.

  2. «Хабарландырулар» тізімінің төменінде «Қосу» түймесін, одан кейін «Маған хабарлау» түймесін түртіңіз.

  3. «Қашан» түймесінің төменінде «[досыңыздың аты] келесі орында емес» түймесін түртіңіз.

  4. Орынды таңдаңыз немесе жаңа орын жасау және орын радиусын орнату үшін «Жаңа геолокация» түймесін түртіңіз.

    Үлкенірек радиуста сіз досыңыз дәл орында болғанның орнына, орынға жақындаған кезінде хабарландыру аласыз.

  5. Хабарландыру алғыңыз келетін уақытты таңдаңыз.

    • Уақыты: Басталу және аяқталу уақытын таңдаңыз.

    • «Күндер»: Апта күндерін таңдаңыз.

  6. «Қосу» түймесін, одан кейін OK түймесін түртіңіз.

    Досыңыз хабарландыру орнатылмастан бұрын оны мақұлдауы тиіс. Олар хабарландыру басталатын уақыт пен күн бойынша мақұлдауды сұрайтын ескерту алады.

Орнатқан хабарландыруды өзгерту немесе өшіру

  1. Экранның төменгі сол жағындағы «Адамдар» түймесін түртіңіз, одан кейін хабарландыруын өзгерткіңіз немесе өшіргіңіз келетін адамның атын түртіңіз.

    Бұл дос туралы сіздің алатын хабарландыруыңыз немесе сіз туралы досыңыз алатын хабарландыру болуы мүмкін.

  2. «Хабарландырулар» тізімінің төменінде хабарландыруды түртіңіз.

  3. Келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Хабарландыруды өзгерту: Барлық мәліметтерді өзгертіңіз, одан кейін «Дайын» түймесін түртіңіз.

    • Хабарландыруды өшіру: «Хабарландыруды жою» түймесін түртіңіз, одан кейін «Хабарландыруды жою» түймесін қайтадан түртіңіз.

25 «Маған хабарлау» хабарландыруына дейін жасай аласыз.

Ескертпе: Қайталанатын хабарландыруларды тек екі факторлы түпнұсқалықты растау мүмкіндігі қосылған достар үшін жасай аласыз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.