Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPad құрылғысындағы Safari қолданбасында «Эл. поштамды жасыру» параметрін пайдалану

iCloud+ қызметіне жазылған кезіңізде, «Эл. поштамды жасыру» функциясын жеке электрондық пошта мекенжайыңызды құпия сақтау үшін пайдалануыңызға болады. «Эл. поштамды жасыру» параметрімен жеке электрондық пошта тіркелгіңізге қайта бағыттайтын бірегей, кездейсоқ электрондық пошта мекенжайларын жасай аласыз, сонда Интернетте пішіндер толтыру немесе жаршыларға жазылу кезінде нақты электрондық пошта мекенжайыңызды бөлісудің қажеті болмайды.

  1. Веб-сайтта электрондық пошта мекенжайыңыз сұралған кезде, электрондық пошта мекенжайы өрісін түртіңіз.

  2. Пернетақтаның жоғарғы жағындағы «Эл. поштамды жасыру» түймесін түртіңіз.

    «Эл. поштамды жасыру» экраны жаңа, кездейсоқ жасалған «Эл. поштамды жасыру» мекенжайын ұсынады.

  3. Ұсынылған мекенжайды пайдаланғыңыз келмесе, жаңа ұсынылған электрондық пошта мекенжайын көру үшін Қайта жүктеу түймесін түртіңіз.

  4. Ұсынылған мекенжайды пайдалану үшін «Жалғастыру» түймесін түртіңіз, барлық қосымша ақпаратты «Ескертпе» өрісіне теріңіз, одан кейін «Пайдалану» түймесін түртіңіз.

«Эл. поштамды жасыру» мекенжайын кез келген уақытта жоя аласыз. «Эл. поштамды жасыру» мекенжайларын «Реттеулер» терезесінде жасау және басқару бөлімін қараңыз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.