Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPad құрылғысындағы «Күнтізбе» қолданбасында оқиғаларды бақылау

«Күнтізбе» қолданбасында сізге алдағы күнтізбе оқиғалары, шақырулар және т.б. туралы білдіртетін хабарландыруларды теңшеуіңізге болады. Сондай-ақ, оқиғаларыңыз бен басқа күнтізбе ақпаратыңызды барлық құрылғыларыңызда жаңа күйде сақтай аласыз.

Күнтізбе хабарландыруларын теңшеу

  1. «Реттеулер»  > Хабарландырулар > «Күнтізбе» тармағына өтіңіз.

  2. «Хабарландыруларға рұқсат беру» параметрін қосыңыз.

  3. Хабарландырулардың пайда болу жолын және орнын таңдаңыз—мысалы, «Құлыптау» экранында, «Хабарландыру орталығы» терезесінде, экранның жоғарғы жағында баннерлер ретінде, ескерту дыбысымен және т.с.с.

Нақты күнтізбе оқиғалары үшін бейімделген хабарландыруларды қосу

Күнтізбе хабарландыруларын теңшегеннен кейін, олардың белгілі бір жағдайларда—мысалы, алдағы шаралар немесе шақырылғандардың жауаптары сияқты—көрсетілуін таңдауыңызға болады.

  1. «Реттеулер»  > Хабарландырулар > «Күнтізбе» тармағына өтіңіз.

  2. «Хабарландыруларды бейімдеу» түймесін түртіңіз.

  3. Нақты бейімделген хабарландыруларды қосыңыз немесе өшіріңіз.

Күнтізбеңізді құрылғыларыңызда жаңа күйде сақтау

iCloud қызметін күнтізбе ақпаратыңызды бірдей Apple ID идентификаторымен кірген барлық құрылғыларыңызда жаңа күйде ұстау үшін пайдалануыңызға болады.

«Реттеулер»  > [атыңыз] > iCloud тармағына өтіңіз, одан кейін «Күнтізбелер» параметрін қосыңыз.

Ескертпе: Күнтізбелерді көрмесеңіз, көбірек опцияларды көру үшін «Барлығын көрсету» түймесін түртіңіз.

iCloud қызметін күнтізбеңіз үшін пайдаланғыңыз келмесе, күнтізбеңіздің ақпаратын iPad құрылғыңыз бен компьютеріңіздің арасында синхрондауыңызға болады. Компьютеріңізбен синхрондау бөлімін қараңыз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.