Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPad құрылғысында «Отбасылық қол жеткізу» тобына мүше қосу

Отбасылық қол жеткізу көмегімен әрбір отбасы мүшесі отбасы тобына өздерінің жеке Apple ID аккаунтымен қосылады. Осылайша сіз фотолар немесе құжаттар сияқты жеке ақпаратты бөліспей, жазылымдарға және басқа мүмкіндіктерге қол жеткізу рұқсатын ортақ пайдалана аласыз.

Отбасы ұйымдастырушысы Apple ID аккаунты бар отбасы мүшелерін оңай шақыра алады немесе Apple ID аккаунты әлі жоқ бала үшін аккаунт жасай алады.

«Отбасылық қол жеткізу» мүшелерінің түрлері туралы мәліметтер алыңыз.

Apple ID аккаунты бар отбасы мүшесін қосу

«Отбасылық қол жеткізу» тобының ұйымдастырушысы жеке Apple ID аккаунты бар отбасы мүшесін қоса алады.

  1. «Реттеулер»  > «Отбасы» тармағына өтіңіз, одан кейін жоғарғы оң жақ бұрыштағы Қатысушыны қосу түймесін түртіңіз.

  2. «Басқа пайдаланушыларды шақыру» түймесін түртіңіз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

    Шақыруды AirDrop, «Хабарлар» немесе «Пошта» қызметін пайдаланып жібере аласыз. Отбасы мүшесіне жақын болсаңыз, «Жеке шақыру» түймесін түртуіңізге және отбасы мүшесінен олардың Apple ID аккаунты мен құпиясөзін құрылғыңызда енгізуді сұрауыңызға да болады.

Бала үшін Apple ID жасау

Бала өзінің жеке Apple ID аккаунтын жасау үшін тым жас болса, ұйымдастырушы, ата-ана немесе қамқоршы баланы «Отбасылық қол жеткізу» тобына қосып, олар үшін Apple ID жасай алады.

  1. «Реттеулер» > «Отбасы» тармағына өтіңіз.

  2. Келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Егер сіз ұйымдастырушы болсаңыз: Қатысушыны қосу түймесін түртіңіз, «Бала үшін аккаунт жасау» түймесін түртіңіз.

      Ескертпе: Балаңызда Apple ID бұрыннан бар болса, «Басқа пайдаланушыларды шақыру» түймесін түртіңіз. Олар шақыруды қабылдау үшін құрылғыңызға өз Apple ID құпиясөзін енгізуіне болады.

    • Егер сіз ата-ана немесе қамқоршы болсаңыз: Қатысушыны қосу түймесін түртіңіз.

  3. Бала аккаунтын жасауды аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Мазмұн шектеулерін, байланыс шектеулерін және тыныштық уақытын орнатуыңызға болады; балаңыздың геолокациясын «Отбасылық қол жеткізу» тобының барлық мүшелерімен, соның ішінде кейін қосылған кез келген жаңа мүшелермен бөлісіңіз; және «Сатып алу сұрауы» мүмкіндігін пайдаланыңыз. Бұл реттеулерді кез келген уақытта өзгертуіңізге болады. Қосымша ақпарат үшін келесілердің кез келгенін қараңыз:

Баланың аккаунттары және бала өздерінің жеке Apple ID аккаунтын жасай алатын жас туралы қосымша ақпаратты Балаңыз үшін Apple ID жасау атты Apple қолдау көрсету қызметінің мақаласын қараңыз.

Бар «Отбасылық қол жеткізу» тобына қосылғыңыз келсе, ұйымдастырушыға сізді қосуды сұраңыз. Бір уақытта тек бір «Отбасылық қол жеткізу» тобының мүшесі бола аласыз. Басқа топқа қосылғыңыз келсе, алдымен қазіргі тобыңыздан шығыңыз. «Отбасылық қол жеткізу» тобынан шығу бөлімін қараңыз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.