Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPad құрылғысын мәжбүрлеп қайта іске қосу

iPad құрылғысы жауап бермей тұрса және оны өшіріп, қосу арқылы қайта іске қосу мүмкін болмаса, оны мәжбүрлеп қайта іске қосып көріңіз.

Ескертпе: Бұл қадамдарды орындап көргеннен кейін iPad қайта іске қосылмаса, iPad құрылғыңыз қосылмаса немесе қатып қалса атты Apple қолдау көрсету қызметінің мақаласын қараңыз. Не болмаса, iPad құрылғыңыз қайта іске қосылғаннан кейін күткендегідей жұмыс істемесе, iPad Support веб-сайтын қараңыз.

iPad құрылғысын мәжбүрлеп қайта іске қосу (Face ID функциясы немесе Touch ID функциясы бар үлгілерде жоғарғы түйме)

iPad құрылғыңызда «Басты бет» түймесі жоқ болса, келесі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Жоғарғы түймеге ең жақын тұрған дыбыс деңгейі түймесін басып, жылдам босатыңыз.

  2. Жоғарғы түймеден ең алыс тұрған дыбыс деңгейі түймесін басып, жылдам босатыңыз.

  3. Жоғарғы түймені басып тұрыңыз.

  4. Apple логотипі пайда болған кезде жоғарғы түймені босатыңыз.

Экрандары жоғары қарап тұрған екі түрлі iPad үлгісінің суреттері. Сол жақ шеткі сурет құрылғының оң жақ бүйіріндегі дыбыс деңгейін көтеру және дыбыс деңгейін төмендету түймелерін көрсетеді. Жоғарғы түйме оң жақ шетке жақын көрсетілген. Оң жақ шеткі сурет құрылғының сол жақ шетіне жақын жоғарғы жағындағы дыбыс деңгейін көтеру және дыбыс деңгейін төмендету түймелерін көрсетеді. Жоғарғы түйме оң жақ шетке жақын көрсетілген.

iPad құрылғысын мәжбүрлеп қайта іске қосу («Басты бет» түймесі бар үлгілер)

Жоғарғы түйме мен «Басты бет» түймесін бір уақытта басып тұрыңыз. Apple логотипі пайда болған кезде екі түймені де босатыңыз.

Құрылғының төменгі жағында «Басты бет» түймесі бар iPad құрылғысының суреті. Жоғарғы түйме оң жақ шетке жақын көрсетілген.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.