Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPad құрылғысындағы News қолданбасында мақалаларды оқу

iPad құрылғысындағы News қолданбасында мақалаларды оқуыңызға және бөлісуіңізге болады.

News қолданбасында жаңалықтар мақаласы. Бүйірлік тақтадағы Apple News астында «Бүгін» параметрі таңдалған.

Ескертпе: Apple News және Apple News+ барлық елдерде немесе аймақтарда қолжетімді бола бермейді.

Мақаланы оқу

Арнаның немесе тақырыптың мақалаларын шолу үшін оны бүйірлік жолақта түртіңіз, одан кейін мақаланы оқу үшін оны түртіңіз. Мақаланы қарау кезінде сізде келесі таңдаулар болады:

  • Келесі мақаланы оқу: Солға сырғытыңыз.

  • Алдыңғы мақаланы оқу: Оңға сырғытыңыз.

  • Мақалалар тобына оралу: Экранның жоғарғы сол жағындағы Артқа түймесін түртіңіз.

  • News қолданбасына қалайтын мақалаларыңызды айту: Мақаланы қарау кезінде мақаланың жоғарғы жағындағы Suggest More (Көбірек ұсыну) немесе Suggest Less (Азырақ ұсыну) түймесін түртіңіз. Пікіріңіз келешектегі ұсыныстар үшін ескеріледі.

  • Мәтін өлшемін өзгерту: Мақаладағы және арнадағы барлық басқа мақалалардағы мәтін өлшемін өзгерту үшін Text Size (Мәтін өлшемі) түймесін түртіңіз, одан кейін үлкен немесе кіші әріпті түртіңіз. (Барлық арналарда қолжетімді бола бермейді.)

  • Мақаланы бөлісу: Бөлісу түймесін түртіңіз, одан кейін «Хабарлар» немесе «Пошта» сияқты бөлісу опциясын таңдаңыз.

  • Мәселені хабарлау: Қарап отырған мақалаңыз дұрыс белгіленбеген, сәйкес емес, дөрекі немесе дұрыс көрсетілмейді деп ойласаңыз, More (Толығырақ) түймесін түртіңіз, Report a Concern (Қате туралы хабарлау) түймесін түртіңіз, одан кейін қатені таңдаңыз.

Apple News+ сервисінде PDF пішіміндегі шығарылымдар, Suggest More (Көбірек ұсыну), Suggest Less (Аз ұсыну), Save Story (Мақаланы сақтау) және Report a Concern (Қате туралы хабарлау) опциялары қолжетімді болмайды. Apple News+ мақалалары мен шығарылымдарын iPad құрылғысында шолу және оқу бөлімін қараңыз.

Сізбен бөлісілген мақалаларды оқу

Дос мақалаларды сізбен «Хабарлар» қолданбасын пайдаланып бөліскенде, оларды Apple News қызметіндегі Shared with You (Сізге жіберілді) тізімінен оңай таба аласыз. («News» реттеуі «Реттеулер»  > «Хабарлар» > «Сізге жіберілді» тармағында қосулы болуы, ал досыңыз сіздің «Контактілер» қолданбасындағы контактілер тізіміңізде болуы тиіс.)

News қолданбасында Shared with You (Сізге жіберілді) параметрін түртіңіз, одан кейін келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:

  • Бөлісілген мақаланы News қолданбасында оқу үшін оны түртіңіз.

  • Мақаланы бөліскен адамның атын оларға «Хабарлар» қолданбасында жауап беру үшін түртіңіз. Мақаланы оқып отырған кезіңізде де жауап бере аласыз—арна логотипінің төменгі жағында көрсетілген атты түртіңіз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.