Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPad құрылғысында «iCloud фотолары» функциясын пайдалану

«iCloud фотолары» қызметін «Фотолар» қолданбасындағы фотолар мен видеоларды iCloud қызметінде қауіпсіз сақтау және iPhone, iPad, Mac, Apple TV немесе Windows компьютерінде синхрондалған күйде ұстау үшін пайдалануыңызға болады. Сондай-ақ, iCloud фотоларыңыз бен видеоларыңызға веб-браузерден қол жеткізуіңізге болады. Түсірген фотоларыңыз бен видеоларыңыз автоматты түрде кері жүктеледі және толық ажыратымдылықта өздерінің түпнұсқа пішімінде сақталады. Бір құрылғыда Фотолар жинағыңызға жасаған қандай да бір өзгертулеріңіз басқа құрылғыларыңызда да көрсетіледі.

«iCloud фотолары» мүмкіндігін пайдалану үшін барлық құрылғыларда бірдей Apple ID аккаунтымен кіргенін және құрылғыларың мына минималды жүйе талаптарына сәйкес келетінін тексеріңіз: iOS 15, iPadOS 15, macOS 12, tvOS 13 немесе Windows 11 жүйесіне арналған iCloud бар компьютер.

«iCloud фотолары» параметрін қосу

  1. «Реттеулер» түймесін түртіңіз, одан кейін [атыңыз] түртіңіз.

  2. iCloud түймесін түртіңіз.

  3. «Фотолар» түймесін түртіңіз, одан кейін «Осы iPad-ды синхрондау» параметрін қосыңыз.

iPad құрылғыңызда бос орынды үнемдеу

«iCloud фотолары» параметрі iPad құрылғыңыздағы сақтау орнын барынша пайдалануыңызға көмектесе алады. «iPad сақтау орнын оңтайландыру» параметрі қосылған кезде, барлық толық ажыратымдылықты суреттеріңіз бен видеоларыңыз iCloud қызметінде өздерінің бастапқы пішімдерінде сақталады, жадты үнемдейтін нұсқалары iPad құрылғыңызда қажетінше сақталады.

«iPad сақтау орнын оңтайландыру» параметрі әдепкі бойынша қосулы болады. Оны өшіру үшін «Реттеулер»  > [атыңыз] > «iCloud» > «Фотолар» тармағына өтіңіз, одан кейін «iPad сақтау орнын оңтайландыру» түймесін түртіңіз.

Көбірек iCloud сақтау орнын алу

Кері жүктелген фотолар мен видеолар сақтау жоспарыңыздан асса, iCloud+ қызметін көбірек сақтау орны мен қосымша мүмкіндіктер үшін жаңартуыңызға болады. iPad құрылғысында iCloud+ қызметіне жазылу бөлімін қараңыз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.