Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPad құрылғысында әлсіз немесе бұзылған құпиясөздерді өзгерту

Веб-сайттар мен қолданбалар үшін жеке құпиясөздеріңізді жасап, сақтаған кезде, iPad жалпы әлсіздікті (мысалы, оңай ашылатын немесе бірнеше рет пайдаланылған) автоматты түрде анықтайды. Сондай-ақ, iPad құпиясөздеріңізді қауіпсіз түрде бақылайды және олар белгілі деректер ағындарында пайда болған жағдайда сізге ескертеді.

Әлсіз немесе бұзылған құпиясөзді өзгерту

  1. «Реттеулер»  > «Құпиясөздер» > «Қауіпсіздік бойынша ұсыныстар» тармағына өтіңіз.

    Аккаунтыңыздың құпиясөзі әлсіз не бұзылған болса, хабар проблеманы түсіндіреді.

  2. Аккаунтты түртіңіз.

  3. «Құпиясөз» өрісін түртіңіз, одан кейін «Құпиясөзді көшіру» түймесін түртіңіз, сонда оны сұралған жерге қоюыңызға болады—мысалы, жаңа құпиясөз жасағанда және ескі құпиясөзіңізді енгізу сұралған кезде.

  4. «Құпиясөзді өзгерту» түймесін түртіңіз, одан кейін веб-сайтта немесе қолданбада құпиясөзіңізді өзгертіңіз.

    Веб-сайт немесе қолданбалар «Apple арқылы жүйеге кіру» мүмкіндігін пайдалану үшін жаңартуыңызға мүмкіндік берсе, сол мүмкіндіктің қауіпсіздігін және қолайлылығын пайдалана аласыз. Құпиясөзіңізді өзгерту кезінде сізге жаңарту опциясы берілмесе, көптеген аккаунттар iPad құрылғысының есте сақтауыңызды қажет етпейтін мықты құпиясөзді автоматты түрде жасауына рұқсат етеді.

Ескертпе: iPad бұдан әрі қолжетімді емес веб-сайттың немесе қолданбаның құпиясөзі туралы ескертсе, оның аккаунтын iPad құрылғыңыздан және iCloud кілттер жинағы функциясынан жоя аласыз. «Реттеулер»  > «Құпиясөздер» тармағына өтіңіз, одан кейін аккаунтта солға сырғытыңыз.

Қауіпсіздік ұсынысын жасыру

Қауіпсіздік ұсынысын оны шеше алмайтын жағдайда қарап шығуды жалғастырмау үшін жасыруыңызға болады.

  1. «Реттеулер»  > «Құпиясөздер» > «Қауіпсіздік бойынша ұсыныстар» тармағына өтіңіз, одан кейін аккаунтты түртіңіз.

  2. «Қауіпсіздік бойынша ұсыныс» бөлімінде Жабу түймесін, одан кейін «Жасыру» түймесін түртіңіз.

Ұсынысты кейінірек қарау үшін «Реттеулер» > «Құпиясөздер» > «Қауіпсіздік бойынша ұсыныстар» тармағына өтіңіз, экранның төменгі жағына жылжыңыз, одан кейін «Жасырылған қауіпсіздік ұсыныстары» түймесін түртіңіз. Барлық қауіпсіздік ұсыныстарын қайта көрсету үшін «Жасырылған қауіпсіздік ұсыныстарын бастапқы күйге қайтару» түймесін түртіңіз.

Бұзылған құпиясөздерді анықтауды қосу немесе өшіру

iPad құпиясөздеріңізді бақылап, олар белгілі деректер ағындарында пайда болған жағдайда сізге ескерте алады.

«Реттеулер»  > «Құпиясөздер» > «Қауіпсіздік бойынша ұсыныстар» тармағына өтіңіз, одан кейін «Бұзылған құпиясөздерді анықтау» реттеуін қосыңыз немесе өшіріңіз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.