Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғысында орындарды жанұя мүшелерімен бөлісу және олардың жоғалған құрылғыларын табу

Family Sharing мүмкіндігімен орныңызды Family Sharing тобыңыздың мүшелерімен бөлісуіңізге және оларға жоғалған құрылғыларды табуға көмектесе аласыз. Жанұя ұйымдастырушысы орынды бөлісу мүмкіндігін Family Sharing параметрлері терезесінде орнатқан кезде, ұйымдастырушының орны жанұядағы барлық адаммен автоматты түрде бөлісіледі. Одан кейін, жанұя мүшелері орындарын бөлісу не бөліспеуді таңдай алады.

Орныңызды жанұя мүшелерімен бөлісу

Орындарды жанұяңызбен бөліскен кезіңізде, олар сіздің орныңызды Find My қолданбасында көре алады. Жанұя мүшелері орындарын өзгерткен кезде де хабарландыру алуыңызға болады—мысалы, бала сабақ уақыты кезінде мектептен шықса.

Ескертпе: Орныңызды бөлісу үшін Location Services параметрі Settings  > Privacy тармағында қосулы болуы тиіс. iPhone құрылғысында өзіңіз бөлісетін орын ақпаратын басқару бөлімін қараңыз.

  1. Settings > [your name] > Family Sharing > Location Sharing тармағына өтіңіз, одан кейін Share My Location параметрін қосыңыз.

  2. iPhone құрылғыңыз қазір орныңызды бөліспей тұрса, Use This iPhone as My Location түймесін түртіңіз.

  3. Орныңызды бөліскіңіз келетін жанұя мүшесінің атын түртіңіз, одан кейін Share My Location түймесін түртіңіз.

    Орныңызды бөліскіңіз келетін әрбір жанұя мүшесі үшін осы қадамды қайталауыңызға болады. Әрбір жанұя мүшесі сіздің орныңызды бөлісіп жатқаныңыз туралы хабар алады және орнын сізбен бөлісуді таңдауына болады.

  4. Орныңызды жанұя мүшесімен бөлісуді тоқтату үшін жанұя мүшесінің атын түртіңіз, одан кейін Stop Sharing My Location түймесін түртіңіз.

Жанұя мүшесінің құрылғысын табу

Орныңызды Family Sharing тобыңыздың мүшелерімен бөліскеннен кейін, олар Find My қолданбасына қосқан жоғалған құрылғыңызды табуыңызға көмектесе алады.

iPhone құрылғысындағы Find My қолданбасында құрылғыны табу бөлімін қараңыз.

Құрылғыларыңыз тізімнің жоғарғы жағында, ал жанұя мүшелеріңіздің құрылғылары сіздікінің астында.

Find My қолданбасындағы Devices қойындысы. Danny’s iPhone тізімнің жоғарғы жағында. Төмендегілер — Эшли, Даун, Оливия және Уил деген пайдаланушылардың құрылғылары.

Жанұя мүшесінің жоқ құрылғысын табу үшін iCloud.com торабындағы Find My iPhone қызметін пайдалануыңызға да болады. iCloud пайдаланушы нұсқаулығындағы Құрылғыны iCloud.com торабындағы Find My iPhone қолданбасында табу бөлімін қараңыз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.