Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғысындағы Safari қолданбасында пішіндерді автоматты түрде толтыру

Safari қолданбасында несие картасының ақпаратын, контакт ақпаратын және пайдаланушы аттары мен құпия сөздерді автоматты түрде толтыру үшін AutoFill параметрін пайдаланыңыз.

Пішінді толтыру

  1. Пернетақтаны шығару үшін өрісті түртіңіз.

  2. Өрістен өріске жылжу үшін пернетақтаның үстіңгі жағындағы Back түймесін немесе Forward түймесін түртіңіз.

Контакт ақпаратыңызды автоматты түрде толтыру

AutoFill мүмкіндігін қолдайтын веб-торапта контакт ақпаратын толтырғанда пернетақтаның жоғарғы жағындағы AutoFill Contact түймесін түртіңіз.

Ақпаратты өңдеу және келесі уақытқа сақтау үшін Customize түймесін түртіңіз. Не болмаса, баса біреудің ақпаратын толтыру үшін Other Contact түймесін түртіңіз.

Сатып алулар үшін несие картасын қосу

  1. Settings  > Safari > AutoFill > Saved Credit Cards > Add Credit Card тармағына өтіңіз.

  2. Мәліметтерді терусіз енгізу үшін Use Camera түймесін түртіңіз, одан кейін iPhone құрылғысын карта жақтауда пайда болатындай етіп ұстаңыз.

Сондай-ақ, онлайн сауда жасаған кезде несие картасының ақпаратын сақтауыңызға болады. iPhone құрылғысында iCloud Keychain мүмкіндігін орнату бөлімін қараңыз.

Несие картаңыздың мәліметтерін пайдалану

  1. Несие картасының ақпаратын толтырғанда пернетақтаның жоғарғы жағындағы AutoFill Credit Card түймесін түртіңіз.

  2. Картаңыздың қауіпсіздік кодын енгізіңіз (қауіпсіздік мақсаттар үшін бұл код сақталмайды—картаны пайдаланған сайын оны қолмен енгізуіңіз керек).

Несие картасы ақпаратының күштірек қауіпсіздігі үшін iPhone құрылғысының құпия кодын пайдаланыңыз.

Пішінді жіберу

Go, Search түймесін немесе веб-беттегі сілтемені түртіңіз.

AutoFill параметрін өшіру

Контактіңіздің немесе несие картаңыздың ақпараты мен құпия сөздер үшін AutoFill параметрін өшіруіңізге болады.

  • Контактіңіздің немесе несие картаңыздың ақпараты үшін AutoFill параметрін өшіріңіз: Settings  > Safari > AutoFill тармағына өтіңіз, одан кейін екі параметрдің біреуін өшіріңіз.

  • Құпия сөздер үшін AutoFill параметрін өшіріңіз: Settings > Passwords & Accounts тармағына өтіңіз, одан кейін AutoFill Passwords параметрін өшіріңіз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.