Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғысындағы Messages қолданбасында Digital Touch әсерін жіберу

Messages қолданбасындағы iMessage сөйлесуінде анимацияланған эскиздерді, түртулерді, сүюлерді, жүрек соғыстарын және т.б. жіберу үшін Digital Touch мүмкіндігін пайдалануыңызға болады. Керек десеңіз, Digital Touch әсерін фотосуретке немесе бейнеге қоса аласыз.

Эскиз жіберу

  1. Қолданба суырмасындағы the Digital Touch button түймесін түртіңіз.

  2. Түсті таңдау үшін түс нүктесін түртіңіз, одан кейін бір саусақпен сүйреңіз.

    Түсті өзгертіп, сурет салуды қайтадан бастауыңызға болады.

  3. Хабарыңызды жіберу үшін the Send button түймесін, ал жою үшін the Delete button түймесін түртіңіз.

Сезімдеріңізді көрсету

  1. Қолданба суырмасындағы the Digital Touch button түймесін түртіңіз.

  2. Кенептегі қимылдарды пайдаланып келесі анимациялардың біреуін жіберіңіз. Қимылды аяқтағанда сезімдеріңіз автоматты түрде жіберіледі:

    • Түрту: Түс жарқылын жасау үшін бір саусақпен түртіңіз. Түсті өзгертіп, қайтадан түртуіңізге болады.

    • Шарлы найзағай: Бір саусақпен басып тұрыңыз.

    • Сүю: Екі саусақпен түртіңіз.

    • Жүрек соғысы: Екі саусақпен басып тұрыңыз.

    • Жаралы жүрек: Жүрек соғысын көргенше екі саусақпен басып тұрыңыз, одан кейін жүректі сындыру үшін төмен сүйреңіз.

    Ескертпе: Apple Watch құрылғыңыз немесе жүрек соғысы деректерін жазатын басқа сенсорыңыз болса, Messages қолданбасы Digital Touch жүрек соғысын жібергенде жазылған деректерді пайдалануы мүмкін.

Digital Touch әсерін фотосуретке немесе бейнеге қосу

  1. Қолданба суырмасындағы the Digital Touch button түймесін түртіңіз.

  2. the Camera button түймесін түртіңіз.

  3. Фотосурет түсіру үшін Take Picture түймесін, ал бейне жазу үшін Record Video түймесін түртіңіз.

  4. Эскиз немесе сүю сияқты Digital Touch әсерін қосыңыз.

  5. Хабарыңызды жіберу үшін the Send button түймесін түртіңіз немесе оны жою үшін the Close button түймесін түртіңіз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.