Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғысындағы Wallet қолданбасында Apple Pay қызметін орнату

Apple Pay қызметін пайдалану (қолдау көрсетілген үлгілерде) кәдімгі картаны пайдалануға қарағанда оңай және қауіпсіз болады. Wallet қолданбасында сақталған карталарыңызбен дүкендерде, транзит үшін, қолданбаларда және Apple Pay қызметін қолдайтын веб-тораптарда қауіпсіз төлемдер жасау үшін Apple Pay қызметін пайдалануыңызға болады. Messages қолданбасында Apple Pay қызметін достарыңыз бен жанұяңызға ақша жіберу және алу және Business Chat платформасын пайдаланып сауда жасау үшін пайдаланыңыз.

Apple Pay қызметін орнату үшін дебет, несие және алдын ала төленген карталарыңызды Wallet қолданбасына қосыңыз.

Бірнеше несие және дебет карталарын көрсетіп тұрған Wallet экранының жоғарғы жартысы. Add түймесі жоғарғы оң жақ бұрышта.
(Apple Cash картасы тек АҚШ-та қолжетімді.)

Несие немесе дебет картасын қосу

  1. Wallet қолданбасында the Add button түймесін түртіңіз. iCloud қызметіне Apple ID идентификаторыңызбен кіру сұралуы мүмкін.

  2. Келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Жаңа карта қосу: iPhone құрылғысын картаңыз кадрда болатындай етіп орналастырыңыз немесе карта мәліметтерін қолмен енгізіңіз.

    • Алдыңғы карталарыңызды қосу: Apple ID идентификаторымен байланысқан картаны, басқа құрылғыларыңыздағы Apple Pay қызметімен пайдаланатын карталарыңызды немесе жойған карталарыңызды таңдаңыз. Continue түймесін түртіңіз, одан кейін әрбір картаның CVV нөмірін енгізіңіз.

Сонымен қатар, банктің немесе карта шығарушының қолданбасынан картаңызды қоса алуыңыз мүмкін.

Карта шығарушы картаның Apple Pay үшін жарамды екенін анықтайды және сізден тексеру процесін аяқтау үшін қосымша мәліметтер сұралуы мүмкін.

Әдепкі картаны орнату және карталарыңызды қайта реттеу

Wallet қолданбасына қосылатын бірінші карта төлемдер үшін әдепкі картаңыз болады. Басқа картаны әдепкі ретінде орнату үшін оны жинақтың алдына жылжытыңыз.

  1. Wallet қолданбасында әдепкі картаңызды таңдаңыз.

  2. Картаны басып тұрыңыз, одан кейін оны жинақтың алдына сүйреңіз.

  3. Басқа картаны қайта орналастыру үшін оны басып тұрыңыз, одан кейін оны жаңа орынға сүйреңіз.

Ескертпе: Apple Pay барлық аймақтарда қолжетімді бола бермеуі мүмкін және Apple Pay мүмкіндіктері аймақ бойынша өзгеруі мүмкін. Apple Pay қызметін қолдайтын елдер мен аймақтар атты Apple Support мақаласын қараңыз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.