Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPad құрылғысында Apple Pay қызметін қолданбаларда және интернетте пайдалану

Сатып алуларды қолданбаларда, Блиц қолданбаларда және Интернетте «Apple Pay» түймесін көрген жерлеріңізде Apple Pay сервисін пайдаланып жасай аласыз. (Белгілі бір елдер мен аймақтарда қолжетімді; Apple Pay функциясын қолдайтын елдер мен аймақтар.)

Таңдалған заттардың бағалары көрсетілген сауда себетін көрсететін Safari веб-беті. Apple Pay түймесі төменгі оң жақта орналасқан.

Қолданбаларда, блиц қолданбаларда немесе Safari қолданбасында төлеу

  1. Төлеу кезінде «Apple Pay» түймесін түртіңіз.

  2. Төлем ақпаратын қарап шығыңыз және төмендегілердің кез келгенін орнатыңыз:

    • Төлем әдісі

      Басқа төлем картасын таңдай аласыз; егер бар болса, бонустармен төлеуіңізге немесе бөліп төлеуіңізге болады (қатысушы банктер мен белгілі бір нарықтардағы карта провайдерлерінің карталарында қолжетімді; жарамдылық пен мақұлдау шарты бар).

    • Төлем және жеткізу мекенжайлары

    • Контакт ақпараты

      Кеңес: iCloud+ қызметіне жазылсаңыз, «Эл. поштамды жасыру» функциясын шын электрондық пошта мекенжайыңызды құпия сақтау үшін пайдалануыңызға болады.

  3. Төлемді аяқтау үшін Face ID, Touch ID функциясымен немесе құпиякодыңызбен растаңыз.

Apple Pay қызметін пайдаланып бонустармен төлеу және Apple Pay қызметін пайдаланып бөліп төлеу атты Apple қолдау көрсету қызметінің мақалаларын қараңыз.

Apple Pay қызметін Mac компьютерінде, Window құрылғыларында және басқа құрылғыларда үшінші тарап браузерлерінде пайдалану

Қолдау көрсетілетін үшінші тарап веб-браузерінде сатып алған кезде, iPad құрылғыңыздағы төлем ақпаратын пайдаланып Apple Pay арқылы сатып алуды аяқтауыңызға болады. Барлық елдерде немесе аймақтарда қолжетімді бола бермейді.

  1. Төлем кезінде Apple Pay түймесін басыңыз, одан кейін iPad камераңызды пайдаланып кодты сканерлеңіз.

  2. iPad құрылғыңызда төлем ақпаратын қарап шығыңыз және төмендегілердің кез келгенін орнатыңыз:

    • Төлем әдісі

    • Төлем және жеткізу мекенжайлары

    • Контакт ақпараты

  3. Төлемді аяқтау үшін Face ID, Touch ID функциясымен немесе құпиякодыңызбен растаңыз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.